Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Әлімханұлы міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Туризм және спорт министрлігі
229

 Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты vesti.kz-ке  сілтеме жасап.

Worldboxingnews мәліметінше, Жәнібек 19 қазан АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort шаршы алаңында өтетін бокс кешіне қатысады. Әлімханұлы міндетті қарсыласы болып бекітілген Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.

Әлімханұлы - Михайлович айқасы Тим Цзю - Бахрам Муртазалиев шоуындағы басты жекпе-жектің бірі болмақ.

Серіктес жаңалықтары