АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарағанды облысына барды

Қарағанды қаласында Халықтық штабтың мүшелері өңірдің 700-ден астам тұрғыны қатысқан қоғамдық кездесу өткізді.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарағанды облысына барды
сурет: amanatpartiasy.kz
249

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Қарағанды қаласында Халықтық штабтың мүшелері өңірдің 700-ден астам тұрғыны қатысқан қоғамдық кездесу өткізді. Жиын барысында ҚР Мәжілісінің депутаты, Республикалық халықтық штабтың мүшесі Асхат Аймағамбетов штабтың жұмысы АЭС құрылысын қолдаудың қажеттілігін түсіндіруге бағытталғанын атап өтті. Штаб мүшелері аймақтарды аралап, бұл бастаманың маңыздылығын талқылап, осы ірі жобаны іске асыру арқылы жаңа мүмкіндіктердің пайда болатыны туралы айтты.

Бүгін Қарағанды облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері экологтармен, зиялы қауым өкілдерімен, жас белсенділермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Олар аймақ тұрғындарымен атом энергетикасының даму перспективаларын талқылап, АЭС салынған жағдайда қоғамда қандай өзгерістер болатыны туралы ашық әңгіме жүргізеді.

Кездесу барысында Штаб мүшесі, ҚР Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов өзінің Қарағанды қаласының тумасы екенін және қарағандылықтардың барлық бастамаларға белсене қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған прогрессивті саясатты қолдайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ референдум қарсаңында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтарға экологиялық қауымдастықтың сараптамалық пікірлерін жеткізудің маңызы зор екенін айтты.

 «Қарағанды облысы – Қазақстандағы көшбасшы орынға ие қуатты индустриялық орталық, ірі өнеркәсіптік өңір. Мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады.  Бұл – Президентіміздің саясатының өзгермес қағидасы. Бұл біздің қоғамда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып жатқанын көрсетеді. Біз әрбір қадамды нақтылап, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Басты мақсат – әрбір азамат, әрбір отбасы реформалардың игілігін сезінуі. Референдум – әр азаматтың өз елінің болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі. Энергетика дамымай, ел экономикасының дамуы мүмкін емес. Бұл – жаңа кәсіпорындардың ашылуының, жаңа жұмыс орындарының құрылуының және экономикалық өсудің басты факторы», - деді ол.

«Қарағанды облысы – Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі, қуатты индустриалдық орталық. Мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Бұл – Президентіміздің саясатының өзгермес қағидасы. Бұл біздің қоғамда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Біз әрбір қадамды нақтылап, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Басты мақсат – әрбір азамат, әрбір отбасы реформалардың игілігін сезінуі. Қарағанды мен Теміртау сияқты көмір өнеркәсібі экологияға ауыр салмақ түсіретін аймақтар үшін атом энергетикасы маңызды балама бола алады.  Бұл зиянды заттар шығарындыларын азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін таза әрі қауіпсіз энергия көзі», – деді ол.

Штаб жұмысына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында ядролық физика саласының сарапшысы, «Ядролық физика институты» РМК бас директорының орынбасары Евгений Ермаков өз тәжірибесімен бөлісті. Сарапшы АЭС құрылысы елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, электр энергиясы тарифтерінің өсуін тежеуге де ықпал ететінін атап өтті. Атом энергетикасы төмен өзіндік құнмен энергия өндіреді, бұл Қазақстанның жаңа экономикалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа өндірістердің ашылуына және жалпы экономикалық дамуға әкеледі. Экологтар өз кезегінде азаматтарды атом энергетикасының қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпараттандырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Зиялы қауым АЭС құрылысының пайдасы туралы дәлелдерді қолдап, оның қоғамдық пікірге ықпалының маңызды екенін атап өтті.

Сапар барысында Штаб мүшелері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттерімен  және оқытушыларымен де кездесу өткізді. Жиынға 100-ден астам студент, жас ғалымдар және белсенділер қатысты. Кездесуде энергетиканың болашағы және Қазақстанның дамуына жастардың қосатын үлесі туралы негізгі мәселелер қозғалды.  Сонымен қатар атом энергиясы технологиялық прогресс үшін маңызды рөл атқарады. Студенттерге заманауи АЭС — IT шешімдері мен инновацияларды қолданатын жоғары технологиялық кәсіпорын екені түсіндірілді. Атом энергетикасы ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бұл бағытта Қазақстан жастары маңызды рөл атқарады.

Штаб жұмысы аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі – Саран қаласындағы «KamaTyresKZ» ЖШС және «QazТehna» ЖШС зауыттарының еңбек ұжымдарымен кездесумен аяқталды.

Сондай-ақ АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері аймақтағы ең ірі кәсіпорындар – Саран қаласындағы «KamaTyresKZ» және «QazТehna» ЖШС зауыттарының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Зауыттарда 2000-ға жуық адам жұмыс істейді. Кездесу барысында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі және атом электр станциясының құрылысы аясында пайда болатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды. Зауыттар, басқа да ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар сияқты, тұрақты электрмен қамтамасыз етуді талап етеді. Электр энергиясын жеткізудегі кез келген үзілістер өндірістің тоқтауына, өнім көлемінің төмендеуіне және жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Тұрақты энергия ағымдағы өндірісті қалыпты деңгейде ұстап тұруға, сондай-ақ кәсіпорынның ауқымын кеңейтуге және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі қазақстандық өнеркәсіптің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық өндірісті дамыту үшін жаңа перспективалар жасауға ықпал етеді.

Халықтық штабтың мүшелері заманауи атом энергетикасы жоғары қауіпсіздік стандарттарына ие және ауаның ластануын айтарлықтай азайтуға қабілетті екенін халыққа жеткізу қажеттігін атап өтті. Кездесулер атом энергетикасы мәселелерін сарапшылардың пікірлері мен нақты деректерге сүйене отырып, мұқият зерттеу керек деген оймен түйінделді.

Серіктес жаңалықтары