«22 адамды тербеген»: Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды

Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды

«22 адамды тербеген»: Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды
Сурет Б.Бабажанұлының парақшасынан алынды
417

Димаштың бесігі жайлы халықаралық Turkistan газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Канат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6-қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!», - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

 

Серіктес жаңалықтары