Елордалық тұрғын полицияға қылмыскерді ұстап берген

Полицейлерге көмектескен азамат марапатталды.

Елордалық тұрғын полицияға қылмыскерді ұстап берген
426

Елорда тұрғыны өз пәтерінің балконынан екі белгісіз адамның аулада есірткі жасырып жүргенін көріп дереу 102-ге қоңырау шалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам полицияға  хабарлап қана қоймай, оларды  ұстауға да атсалысқан. Тексеру барысында екі есірткі курьерінен жалпы салмағы 54 грамнан асатын мефедрон синтетикалық препараты мен 67 түйіншек тәркіленген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қолға түскендер Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды. Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Калыков қала тұрғынына белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хат табыс етті.

« Естеріңізге сала кетейік, егер сіз есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу фактілерін, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдарды білсеңіз, Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлай аласыз. Күндізгі уақытта 716393, тәулік бойы 8-777-771-63-93 немесе 102. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі», деді Астана қаласы Полиция департаменті өкілдері.

Серіктес жаңалықтары