Атақты «Челси» мен «Астана» арасындағы матч қайда өтетіні анықталды

“Челси” клубының баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

Атақты «Челси» мен «Астана» арасындағы матч қайда өтетіні анықталды
392

Қазақстандық "Астана" футбол клубының Англияның "Челсиіне" қарсы конференц-лигадағы ойыны Алматыда өтеді, деп хабарлады turkystan.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Конференц-лиганың негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімінен кейін әйгілі лондондық клуб Қазақстанда "Астанаға" қарсы ойын өткізетіні белгілі болған еді. “Челси” клубының баспасөз қызметі ойынның Қазақстанның қай қаласында өтетінін хабарлады. 

"УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіндегі "Астанаға" қарсы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтетін болып бекітілді. 30 000 орындық Астана Арена стадионының жаңартылуы "Астана" клубы биылғы маусымда өз алаңындағы матчтарын басқа жерде өткізетінін хабарлады. Олар Алматыдағы Орталық стадионда "Милсами", "Корвинул" және "Бранн" командаларымен конференц-лиганың іріктеу матчтарын өткізді. Дәл осы стадионда "Астана" 12 желтоқсан күні "Челсиді" қабылдайды", – делінген Челсидің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары