«Бөпені қайтесің»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

Жас айырмашылығы ол үшін ешқашан кедергі болмағанын жеткізді

«Бөпені қайтесің»: Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден
3729

Тамынал жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен алғаш танысқан кезіе еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Желі жұлдызы жолдасы екеуінің қыз бен жігіт болып жүрген кездегі суреттерін жариялады.

Мереке Қалбаева жеке өмірі туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Жайдарманшы жолдасымен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып, жас айырмашылығы ол үшін ешқашан кедергі болмағанын жеткізді.

"Арсеннің бұрынғы түрі потолок, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым.

Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не қайтесің?" дегені есіме түсіп кетті.  Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", - деп ағынан жарылды блогер ару.

Серіктес жаңалықтары