Бір адам көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай болды

Мопедтің рулінде 21 жастағы жүргізуші болған

Бір адам көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай болды
istockphoto.com
418

Атырау қаласында мопед жүргізушісі түн ортасында 28 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел облыстық ауруханада көз жұмды.

Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

Атырау қалалық Полиция басқармасына 11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында мопед жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар түсті. Жол-көлік оқиғасы шаһардағы Ш.Уәлиханов-Г.Канцев көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Мопедтің рулінде 21 жастағы жүргізуші болған. Әйел аталған көшелердің қиылысында жолдың жаяу жүргіншіге арналмаған тұсынан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны мопед қаққан, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған әйел жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда зардап шеккен 28 жастағы әйел алған жарақатының салдарынан олыстық ауруханада қайтыс болған.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр. Облыс тұрғындары мен жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары