Астанада алаяқ риэлторлар сотталды

Олар жәбірленушілерге 30 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Астанада алаяқ риэлторлар сотталды
istockphoto.com
291

Астаналық екі келіншек жәбірленушілерді «Отбасы банктен» жеңілдікпен ипотекалық несие алуға көмектесеміз деп алдаған. Жәбірленушілердің біріне «Отбасы банкке» алғашқы жарна ретінде салу үшін, басқа банктен 8 млн теңге несие алуды ұсынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алаяқтар өз сөзіне сендіру үшін ЖК ашып, кеңсе ғимаратын жалға алған. Осылайша 27 адамның сеніміне кіріп, 30 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот үкімімен алаяқтардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Материалдық шығын өндірілді.

 

 

Серіктес жаңалықтары