230
Бейнеу ауданында 16 бала уланып қалған
Маманадар мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген.
12 қыркүйек күні сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген.
— Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының маманадары мектептегі астан, ауыз судан сынама алып, сараптамаға жіберген.
Еске салайық, 6 қыркүйекте Маңғыстаудың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында бір мектептің 500-ге жуық оқушы астан уланып қалды.
Олардың барлығы мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ішкеннен кейін ауырған.