Ғалия Тынбаева екінші рет Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы финалда Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кого Ваканаға (Жапония) есе жіберді.

Ғалия Тынбаева екінші рет Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
352

Ғалия Тынбаева (48 кг) Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при бәсекесінің күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол финалда Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кого Ваканаға (Жапония) есе жіберді.

Бүгін іріктеуде отандасымыз Италия, Франция өкілін және жартылай финалда Ребека Рита Косжегиді (Мажарстан) ұтты.

Айта кетейік, бұл Ғалияның Гран-при турнирлеріндегі 2-күміс жүлдесі. Былтыр ол Португалиядағы турнирдің финалында отандасы Әбиба Абужақыновамен күш сынасып, 2-орын алған.

Серіктес жаңалықтары