«Келесі жолы қырғыздар ұтатын шығар»: Айқын Төлепберген көкпарға қатысты дауға пікір білдірді

Әнші әлеуметтік желіде үндеу жасады.

«Келесі жолы қырғыздар ұтатын шығар»: Айқын Төлепберген көкпарға қатысты дауға пікір білдірді
Фото: instagram.com/aikyn
1008

Айқын Төлепберген Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы қазақ пен қырғыз көкпаршылары арасындағы ойынға қатысты пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz.

«Көкпардың кесірінен қаншама сөздер айтылды. Қазақтар қырғыздарға, қырғыздар қазақтарға айтпағаны қалмады. Достар, біз - бауырмыз, көршіміз. Көршіңмен ұрысқаннан не пайда, бәрібір көршің. Бауырыңмен ұрысқаннан не пайда бәрібір бауырың болып қалады. Сондықтан осы жерден тоқтау керек. Айтылатын сөз айтылды. Келесі жолы қырғыздар ұтатын шығар. Біз ренжімейміз ол кезде. Не әңгіме бітпейтін? Көкпар үшін қаншама адам қырылысып жатыр. Қазақ-қырғыз бір туған. Жұмылып бірігуіміз керек.Жан жақта соғыс болып жатқанда бір-бірімізбен қырылысу ғана қалып еді. Бір-біріміздің қуанышымызды көтеруіміз керек. Қолдауымыз керек», - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары