363
Елімізде күніне екі әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады
Көптеген әлемдік зерттеу HPV вакцинацияның қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін көрсетеді
Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі (күн сайын бес жаңа жағдай), жыл сайын 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады (күн сайын екі әйел қайтыс болады), деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
ДДҰ ұсынысы бойынша, 135 елде, оның ішінде Қазақстанда бұл вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген.
Көптеген әлемдік зерттеу HPV вакцинацияның қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін көрсетеді.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде вакцинаның қауіптілігі туралы жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті.
"Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде HPV (адам папилломавирусы) вакцинациясы зарарсыздандыру мен бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат ғылымға қарсы, шындыққа жанаспайды және жалған.
Жалған ақпарат тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді", - делінген хабарламада.