"Швейцария аруын" күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған

Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген

"Швейцария аруын" күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған
New York Post
1198

Швейцарияда сұлулық байқауының финалисі 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, 13 ақпанда Кристина мерт болады. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды. Оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген. Жұптың екі қызы бар.

Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.

Ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды. Бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары