Маңғыстау облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Сағат 16-00 де шамамен 650 шаршы метр аумақты шарпыды

Маңғыстау облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр
mangystau_ecology_department
304

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт тұтанған, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Сағат 16-00 де шамамен 650 шаршы метр аумақты шарпыды. Аталған полигон «Маңғыстау Жарық» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне қарасты. Жалпы аумағы 25 гектар, тереңдігі 13 гектарды құрайды. 

Қазіргі таңда полигонда рекультивация жұмыстары жүргізілуде. 12 арнайы техникамен 15 адам жұмылдырылған. Қазір қалада түтін мен күйіктің иісі сезілмейді, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұқанов.

Оқиға ақпараттық есепке алу кітабына тіркеліп, экология департаментіне хат жолданған. Мұнайлы ауданы аумағында ауа-райы ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27С, солтүстік-шығыстан секундына 1-7 метр жел соғып тұр.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің тарапынан атмосфералық ауаны өлшеу құралының жылдық тексеріс өткізуге жолдануына байланысты, сынама алу мүмкіндігі болмаған.

Серіктес жаңалықтары