227
Жүргізушілерден қайыр сұрап, мазасын алған азамат 5 тәулікке қамалды
Іс материалдарына сүйенсек И есімді азамат ішімдік ішіп, қоғамдық орында жүргізушілердің мазасын алып, ақша сұраған.
Ол бұған дейін де осындай қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол кезде оған ескерту берілген.
Сот отырысында ол кінәсін толық мойындады. Мас болып қалғандықтан осындай әрекетке барғанын да жеткізді.
Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамалды.