Тараз тұрғыны полиция департаментінен 300 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды

Тараз тұрғыны 2019 жылдың қыркүйегінде жеке куәлігін ауыстыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген.

Тараз тұрғыны полиция департаментінен 300 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды
istockphoto.com
138

Бірақ ХҚКО-дағы мамандар қызмет көрсетуден бас тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Себебі Ішкі істер министрлігінің базасында тұрғынның Ресей азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан азаматтығынан шығарылғандығы көрсетілген екен.

Тұрғын 2019 жылдан бері Ресей азаматтығын қабылдамағанын айтып, полицияға бірнеше рет барған. Бірақ өзінің Қазақстан азаматы екенін 3 жыл бойы дәлелдей алмай қойған.

2023 жылдың мамыр айында РФ Сыртқы істер министрлігі талапкердің РФ азаматтығын алу үшін жүгінбегенін, РФ ІІМ ақпараттық есептерінде оның РФ азаматтығын қабылдағаны туралы мәлімет жоқтығын хабарлаған.

Осы хаттың негізінде Полиция департаменті оның жеке куәлігінің жарамсыздығын жоққа шығарған. Осыдан кейін ғана талапкер Тараз қалалық сотына жүгініп, Полиция департаментінен моральдық шығын ретінде 3 млн теңге өндіріп беруді сұраған.

Сот талапкердің шағымын уақытылы қарамағаны, 3 жыл бойы қажетті шараларды қабылдамағаны үшін Полиция департаментін кінәлі деп танып, 300 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Серіктес жаңалықтары