Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Жоқ, жігіттер! Сендер қателестіңдер!, - дейді спротшы.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Туризм және спорт министрлігі
1410

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы спортшы X желісіндегі ресми парақшасына хабарлады.

«Менің жекпе-жегім Цзюдың андеркартында болмайды. Менің жекпе-жегім сол жекпе-жектің алдында болады! Олар мен дайын болмайды және көп ақша сұрайды деп ойлайды! Жоқ, жігіттер! Сендер қателестіңдер! Мен сендердің жоспарларыңды бұзамын! Менің өз жоспарым және мақсатым бар! Мен оны нокаутқа жіберемін», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, осыған дейін Әлімханұлының Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесуі 19 қазанда Тим Цзю – Бахрам Муртазалиев шоуы аясында АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort аренасында өтеді деген ақпарат тараған болатын. Қазақстандық боксшы Михайловичпен жекпе-жегі шоудан бұрын өтетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары