Атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеру қерек – Қанатбек Қайшыбекұлы

АЭС салу жөніндегі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеру қерек – Қанатбек Қайшыбекұлы
Халықтық штаб
Автор
Админ
219

Елімізде атом электр стансасын салу туралы маңызды талқылаудың жүріп жатқанына біраз уақыт болды. Бірі дамыған елдердің тəжірибесіне сүйеніп, қолдау білдірсе, екінші тарап радиациялық зардабын алға тартып, қош көрмей отыр.

Дегенмен, бұл мəселені алғаш сөз еткенде-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне АЭС салуды жалпыхалықтық референдум арқылы шешетінімізді əуел бастан ескерткен.  Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында бұл тақырыпқа бөлек тоқталғаны да белгілі. Президент бас құжатта жаһандық энергетика тапшылығының күшейіп бара жатқанын алға тартып, елімізге сенімді жəне экологиялық таза қуат көздері аса қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, АЭС салу мəселесіне қатысты өтетін республикалық референдум 6 қазанға белгіленді.

Ал, АЭС салу жөніндегі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында Қанатбек Қайшыбекұлы болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеру қажеттігін, АЭС салу елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шара барысында атом энергетикасының мүмкіндігі, жаңа өндіріс орындарын дамыту перспективалары және лайықты еңбек жағдайын жасау жөнінде де кеңінен сөз қозғалды.

Кездесу соңында еліміздің барлық өңірінде өткізілген АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылаулар циклінің қорытындыларына тоқталған облыс әкімінің орынбасары  түптеп келгенде, мұндай маңызды шешімді қабылдау ел тұрғындарының қолында екенін баса айтты.

 

Серіктес жаңалықтары