АЭС салуды қолдау жөніндегі Өңірлік халықтық штаб мүшелері Петропавлдағы Киров зауытында болды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Өңірлік халықтық штаб мүшелері Петропавлдағы Киров зауытында болды
404

АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері  облыс орталығындағы Киров атындағы зауыттың қызметкерлерімен жүздесіп, атом электр станциясының еліміз үшін қаншалықты қажет екені түсіндірілді.

Кездесу барысында штаб өкілдері атом электр станциясы құрылысының маңыздылығы туралы айтып, отандық кәсіпорындардың ел экономикасының дамуына сүбелі қосып келетінін жеткізді. Солардың қатарында Киров зауытын да ерекше атап өтуге болады. Зауыт өңірдің алдыңғы қатарлы өндіріс ошақтарының бірі. Кәсіпорын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп келеді. Мұнда компьютерлер мен түрлі баспа схемалары шығарылады. Ең бастысы - маңызды жоба барлық қауіпсіздік пен стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, штаб мүшелері АЭС ол тұрақты энергия көзі екенін тілге тиек етті.

«Бүгінде елімізде бір тәуліктегі энергия тапшылығы 1500 МВт құрайды. Ал жылыту маусымында ол тіпті 2500 МВт жеткен. Газ генератор станциясының немесе жаңа энергия көздері бұл тапшылықты жабуға және елдің экономикасын электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан атом электр станциясын салу қажеттілігі туындады», - деді штаб мүшесі Александр Казанцев.

Жиында зауыт жұмысшылары  қазба отынына деген тәуелділікті төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру және елдегі экономикалық өсуді ынталандыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Серіктес жаңалықтары