546
«Чемпион болатынымды анам білді»: Елдос Сметов сұхбат берді
Елдос Сметов ата-анасының қолдауы жайлы айтты.
Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов «Қызық Таймс» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Олипиада чемпионы Елдос Сметов Парижге бармас бұрын көп ойланғанын және тіпті бас тартқанын айтты. Алайда ата-анасының қолдауы мен кеңесінің арқасында күш жинап жарысқа баруға шешім қабылдаған екен.
«Балам, мен саған бірнәрсе айтайын, мені тыңдасаң екен. Менің жүрегім бірдеңені сезіп тұр. Ана жүрегі ешқашан алдамайды. Мына бір түбінде сен жетістікке жетесің. Мені тыңдасаң, дәл қазір спортты тастамашы, деп айтты анам. Сол сөз маған үлкен мотивация болды. Содан кейін белімді буып жарысқа дайындалдым», - деді Елдос Сметов.