Жамбыл облысының тұрғыны туған анасын өлтірді

Күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысының тұрғыны туған анасын өлтірді
istockphoto.com
432

Жамбыл облысында адам шошырлық қылмыс тіркелді. Ұлы туған анасын өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары