373
Ақмола облысында мемлекеттік мекеме бухгалтері 40 млн теңге жымқырған
Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған
Ақмола облысы Степногорск қаласында мемлекеттік мекеме бухгалтері 40 млн теңге жымқырған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бюджет қаражатының ұрланғанын Степногорск қаласының прокуратурасы анықтаған.
"Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алуға қатыспаған адамға заңсыз аударған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңге, кінәлілердің үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа берілді.