Атыраулықтар Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жапты

Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің аңызы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келді.

Атыраулықтар Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жапты
Демеу Жадыраев. Фото:
126

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа атыраулық кәсіпкерлер қасқыр терісінен жасалған шапан жауып, құрмет көрсетті.

Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жапты. Бұл туралы атыраулық кәсіпкер әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан», – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің аңызы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келіп, жастармен кездесу өткізді.

Еске салсақ, Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмұдов Париж олимпиадасының ширек финалында жолығып, Жадыраев 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Серіктес жаңалықтары