Шымкенттік алаяқ науқас балалардың суретін пайдаланып, 32 млн теңге тапқан

Жалған есеп шотқа 6 000-ға жуық ақша аударымы жасалған.

Шымкенттік алаяқ науқас балалардың суретін пайдаланып, 32 млн теңге тапқан
136

Шымкент тұрғыны Талғар ауданында тұратын балаларды емдеуге қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен әлеуметтік желіде парақша ашып, жалған қайырымдылықпен айналысқан.

«Күдікті онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны белгілі болды. Ақша қаражаттарының қозғалысын бақылап, алаяқты анықтауға мүмкіндік туды. Жалған есеп шотқа 6 000-ға жуық ақша аударымы жасалып, жалпы келтірілген залал 32 миллион теңгеден асты», – делінген хабарламада.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары