397
Астанада кәсіпкер алаяқтық жасап, 1 млд теңге табыс тапқан
ЖШС директоры 2023 жылы жанар-жағармай жеткізіп беремін деп төрт компаниямен келісім жасаған.
Дизельді нарықтағы бағасынан төмен бағамен сатуға уәде берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірақ ешкімге жанармай жібермеген. Ал ақшаны басқа фирмалардың есепшотына аударған. Осылайша 990 млн 150 мың теңге табыс тапқан.
Кәсіпкердің өзі кінәсін мойындаған жоқ. Ешкімді алдамағанын айтты. Зардап шеккен контрагенттер де онымен медиация келісімін жасағандарын, оның жыл соңына дейін шығынды қайтаруға уәде еткенін айтып, оны түрмеге жаппауды сұрады.
Сот алаяқтық жасаған кәсіпкерді алты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ 5 жылға коммерциялық құрылымдарда материалдық жауапты және басшылық жұмыстар атқаруға тыйым салды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.