329
Жезқазғандық келіншек асырап алған балаларын ұрып-соғып, ауыр жұмысқа салған
Балалар тыңдамаса соққыға жығып отырған.
Ұлытау облысында қорғаншылық органдары мен прокуратура балаларды пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Р.Ж.Садикова – шаруа қожалығының иесі. 2018 жылы мал бағатын жұмыскерлер жалдамай, ақша үнемдеу үшін «Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған орталықтан» кәмелеттік жасқа толмаған ағайынды 3 баланы (екі ұл, бір қыз) патронаттық тәрбиеге алған», - деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.
Келіншек балаларды ауыр жұмысқа салып, Жезқазған аумағынан темір сынықтарын жинауға мәжбүрлеген. Балалар тыңдамаса соққыға жығып отырған.
Сот оны кәмелеттік жасқа толмағандарды азаптау, қамқоршының өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.