Ербол Қарашөкеев көшпенділер ойынындағы жүлдегерлерді марапаттады

Жамбыл облысының әкімі V Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы спортшыларға алғысын білдірді.

Ербол Қарашөкеев көшпенділер ойынындағы жүлдегерлерді марапаттады
сурет ашық дереккөзден алынды
578

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімі марапаттады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Жамбыл облысының әкімдігі жариялады.

Басқосуда ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының директоры Нұрдәулет Момынов сөз алып, қолдау көрсеткен Мемлекет және облыс басшылығына спортшылардың атынан алғыс білдірді.

 Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрініп, 112 медаль иеленді (алтын - 43, күміс - 32, қола - 37).

Оның ішінде өңірден шыққан 17 спортшы көкпар, қазақ күресі, бәйге, құсбегілік, көкбөрі, кураш (өзбек күресі), ашыртмалы аба гюреши (түрік күресі) сынды спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетіп, 7 алтын, 7 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізді.

Салтанатты шарада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, қаржылай сертификаттар табысталды.

Серіктес жаңалықтары