Сәрсенбіде төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбіде төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto.com
258

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

18 қыркүйекте Петропавл, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары