301
Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды
Себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
Оқиға Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімшесінің оқу-жаттығу жұмыстарында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі аталған жағдайды растады.
Полигондағы оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, әскери қызметшілерге қаруды тапсыру кезінде абайсызда атылған Макаров тапаншасынан сұқ саусағы жеңіл жанама жарақат алынды. Оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, - деді ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.