Қазақстандық балалар Мәскеудегі цирк фестивалінде күміс жүлде иеленді

Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың төрт арнайы сыйлығымен марапатталды.

Қазақстандық балалар Мәскеудегі цирк фестивалінде күміс жүлде иеленді
Алматы әкімдігі
133

«Аманат» әуе беллбеуінің дуэті — Данат пен Данали Досбатыровтар Ю.Никулиннің Мәскеу циркінде өткен «Артист» II Халықаралық цирк фестивалінде «Юниор» күміс жүлде алды. Олардың жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері Дәулет Досбатыров.

Балалар Испания, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген марапаттарды қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың төрт арнайы сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Гримайлоның арнайы сыйлығы да берілді.

Данат 10 жаста, ал Данали небәрі 8 жаста,олар фестивальдің ең жас қатысушылары болды. Фестивальге 17 елден 87  артист жиналды. Гала-шоуда көрермендер  дуэттің нөмірлеріне қошемет көрсетті, бұл бүкіл команда үшін үлкен мақтаныш болды!, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары