«Қыркүйектің соңында ұсынамын»: Мұрат Әбділда жағымды жаңалығын бөлісті

Желі жұлдызы жуырда тыңдармандарына жаңа әнін ұсынатынын хабарлады.

«Қыркүйектің соңында ұсынамын»: Мұрат Әбділда жағымды жаңалығын бөлісті
скриншот/YouTube
724

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда абақтыда отырғанда 95 ән жазғанын айтты. Бұл туралы ол Qogam Dauysy жобасына берген сұхбатында мәлім етті.

Ол қамауда болған кезінде шығармашылықпен айналысқанын жеткізді.

 «Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан 2,5 жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі болды.

 Екіншісі, бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі сазгермін. Қазақ елі менің сазгер екенімді біледі, 22 әнімің біреуі өзімдікі», - деді М. Әбділда.

Желі жұлдызы жуырда тыңдармандарына жаңа әнін ұсынатынын хабарлады.

«Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес. Қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер болады. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында «Маған ұнайсың» деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын», - деді Мұрат Әбділдә.

Серіктес жаңалықтары