«Қостанай - қымбаттау қала»: Журналист Нұрбек Бекбау таза шаһар туралы пікір білдірді

Тележурналист Қостанай қаласын аралап шыққан.

«Қостанай - қымбаттау қала»: Журналист Нұрбек Бекбау таза шаһар туралы пікір білдірді
564

Нұрбек Бекбау Қостанай облысына жасаған сапары жайлы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Қостанайға келдік. Байқағаным, қымбаттау қала. Ас-ауқатқа, пәтер жалдауға Астанадан 30%-ға артықтау төлейсің. Неге? Бір себебі: Мұндағы жұрттың біразы ірі диқан, фермаларда жұмыс істейді және зауыттарда қызмет қылады. Бағаның қымбаттауына тағы себеп – Ресейден қашқан релоканттардың да әсері. Ал жалпы, Қостанай тап-таза, әдемі шаһар екен. Ыбырайдың ашқан мектебін, қазақтың асыл тұқымды тұлпары деп тіркелген жалғыз тұқым — Қостанай жылқысын, Бейімбеттің қонысын, Ахаңның ауылын түсіріп, тарихымен, бүгінімен танысып жүрміз…" - деп жазды Н. Бекбау.

 

Серіктес жаңалықтары