Шардарада екі баланы ит талап тастаған

Олар шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді

Шардарада екі баланы ит талап тастаған
Фото: astanatv.kz
177

Түркістан облысындағы Шардара қаласында екі баланы ит талап тастады.

Астана арнасының хабарлауынша, 9-10 жастағы қыздар аудандық аурухананың хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген. Оларға жарақатына байланысты ем тағайындалды.

«014 жылы туған қыз бала тәуліктік стационарда. Жағдайы орташа ауырлықта, ал 2015 жылғы қыз бала жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, күндізгі стационарда емін жалғастырады. Бүгінгі таңда жағдайлары тұрақты, емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде», - деп мәлім етті Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары