Бүгін – ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың туған күні

Жазушы проза жанрында жемісті еңбек етті.

Бүгін – ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетовтың туған күні
Автор
Админ
121

Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» повестерін жазды.

Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысын жайындағы «Әке мен бала» романын кейін кайта толықтырып, «Қарбаласта» деген атпен жариялады.

Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Оның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы – «Күлкі-сықақ» 1929 жылы жарыққа шықты.

Қаламгер «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценариін де жазды. Сондай-ақ С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды.

Серіктес жаңалықтары