Өрт шығып, 5 адам қаза тапқан жатақхана иесі сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

Өрт шығып, 5 адам қаза тапқан жатақхана иесі сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
231

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 24 шілдедегі үкімін қайта қарап, бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

С жатақхана иесі бола отырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған. Соның салдарынан жатақханада электр желісі істен шығып, өртке оранып, бір отбасының төрт адамы мен көрші бөлмедегі кішкентай бір қыз бала көз жұмған.

Бірінші инстанция сотының үкімімен жатақхана иесі С 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бірақ сот үкімімен келіспей, жазаны жұмсарту үшін қайта шағым түсірген.

Апелляциялық инстанция сотталушының кінәсі дәлелденгендіктен үкімді өзгеріссіз қалдырды.

 

Серіктес жаңалықтары