Ақтөбеде әткеншек тепкен 9 жастағы бала қайтыс болды

Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы.

Ақтөбеде әткеншек тепкен 9 жастағы бала қайтыс болды
istockphoto.com
760

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында 9 жастағы ұл бала әткеншектен құлап қаза тапты.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сағат 19:02-де шақырту түскен. Ол кезде денесі құрысып жатыр деп хабарланды. І-санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09-да жеткен. 

Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41–де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары