АЭС: Экономиканы алға жылжытудың алғышарты

АЭС: Экономиканы алға жылжытудың алғышарты
130

Бүгін аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері «Қазақстан темір жолы АҚ» Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының ұжымымен кездесті. 

Қазақстанның заманауи экономикасының қалыптасуында теміржол көлігінің маңызы зор. Республиканың орасан зор аумағын, көптеген өндіріс салаларындағы жүк көлемінің ауқымын ескерсек, көліктің бұл түрін мемлекеттігіміздің негізгі тұғыры, еліміздің өндірістік күшін біріктіруші тетік деуге толық негіз бар. 

Темір жол саласын «мемлекет ішіндегі мемлекет»,-деп бекер айтпаған. Саланың өзіндік қиыншылықтары мен қызығы да мол. 
Темір жолшылармен кездескен штаб мүшелері олардың ерен еңбегінің ел экономикасындағы орнын ерекше атап өтті. 

Басқосуда сөз алған штаб мүшесі, ардагер теміржолшы Ибраким Басықараев: Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұр. Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Ал біздің бүгінде өндіретін электр қуатының 70 пайызы көмір қорына тиесілі. Сондықтан, жасыл энергияға, яғни атом энергетикасын дамытуға көңіл бөлу қажеттілігі туындауда. Сондықтан электр тапшылығын ескере отырып, атом энергиясын пайдалану артық етпейді. Оның үстіне еліміздің оңтүстік өңірлерінде энергия тапшылығы айтарлықтай сезілуде,-деді. 

Елде АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбейіп келеді. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді айтып жатыр. Жиында әрбір сауалға жауап берген халықтық штаб өкілдері қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына ұжым мүшелерінің көзін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары