«Рэкетир» фильміне түскен белгілі актер қатерлі дертке шалдықты (ВИДЕО)

Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасады.

«Рэкетир» фильміне түскен белгілі актер қатерлі дертке шалдықты (ВИДЕО)
300

«Рэкетир» фильміне түскен актер Мұрат Бисенбин қатерлі ісір ауруына шалдыққан. Бұл туралы актер Саят Исембаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасады. Ол қазіргі уақытта Мұрат Бисенбиннің ем қабылдап жатқанын айтты.

«Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисенбин ауырып қалды. Бәріңіз оны «Рэкетир» фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның ағасының рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді.

Құрметті достар, бәріміз қолдан келгенше қаржылай көмек көмектесейік. Әрбір қаражат маңызды, біздің қолдауымыз оның емін тездетеді. Қазір реквизиттерді қалдырамын. Ауырмаңыздар. Мұрат, жазылып кет, біз сенімен біргеміз», - деді Саят Исембаев. Актер видео астына әріптесінің реквизиттерін қалдырды.

Kaspi Bank АҚ Карта шот нөмірі (IBAN) KZ90722C000066733567

Kaspi Bank карта нөмірі 4400 4302 0096 8318 Murat B.

Halyk Bank шот нөмірі (IBAN) KZ186010012002424206 Карта нөмірі 4405 6376 7126 0695 Murat B.

Kaspi нөмір +77022221170 Мурат Б.

Серіктес жаңалықтары