Абай облысында жігіт туысқанын өлтіріп, көміп тастаған

Күдікті қазір тергеу изоляторында.

Абай облысында жігіт туысқанын өлтіріп, көміп тастаған
istockphoto.com
Автор
Админ
102

Абай облысының Бесқарағай ауылында туысқандар арасында жанжал болып, соңы өліммен аяқталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі туысқан ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Бірі пышақ алып, екіншісін өлтірген. Қылмысын жасыру үшін көміп тастаған.

«Бесқарағай ауылындағы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Облыстық полиция департаментінің басшысы істі бақылауда ұстап отыр.

Серіктес жаңалықтары