Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке есеп берді

Ержан Сәденов еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берді:

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президентке есеп берді
Akorda
266

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

Ержан Сәденов еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берді:

      – жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайған;

      – қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылықтар төмендеген;

      – қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші жақсарған;

ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;

 «Заң және Тәртіп», құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтты:

– жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артқан. Нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары