Қызылордада көше шамдарын сындырған екі қыз ұсталды

Олар 12 және 16 жастағы қыз балалар болып шықты.

Қызылордада көше шамдарын сындырған екі қыз ұсталды
Сурет: www.istockphoto.com
201

Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Бұзақы жастар бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. ЖБО инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді. 12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары