«Алтын іздеген»: Ақмола облысында жоғалған жасөспірім шахтадан табылды

Жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Алтын іздеген»: Ақмола облысында жоғалған жасөспірім шахтадан табылды
istockphoto.com
403

Ақмола облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Бестөбе кентіндегі шахтадан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 жасар жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз 16 қыркүйекте Степногорск қаласының полиция басқармасына келіп түсті.

Мұғалімдер 11-сынып оқушысының сабаққа келмегеніне байланысты дабыл қаққан. Белгілі болғандай, жасөспірім 13 қыркүйекте мектепке бармаған. Полиция қызметкерлері дереу қажетті жедел іздестіру шараларын бастады. Жоғалған жасөспірімнің таныстары анықталып, ата-аналары, жақын туыстары мен достары тергелді.

 Полиция жас жігіттің Бестөбе ауылының аумағында екенін анықтап, шахтаның төменгі көкжиектеріне түсті. 17 қыркүйекте кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері анықталды және ол туыстарына аман-есен табысталды.

Жас жігіт алтынды табу мақсатында шахтаға түскенін түсіндірді. Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың өзі қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Полицейлер ата-аналарды балаларының орналасқан жерін бақылауды күшейтуге және қауіпсіздік мәселелерінде қырағылық танытуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары