302
Абай облысындағы KAZ Minerals шахтасындағы өлім: қылмыстық іс қозғалды
Жарақат алған кенші ауруханада көз жұмған.
Абай облысының Полиция департаменті KAZ Minerals компаниялар тобына қарасты Орлов шахтасында тау жынысының қопарылуы және адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан, тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді полиция.
Тергеу барысы облыстық ПД бақылауында.
Алдын-ала дерек бойынша 19 қыркүйек күні түскі сағат 14:20-да тау жынысы қопарылып, кәсіпорынның екі жұмысшысы жарақат алған. Біреуі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Екінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілген, қазір ол үйінде.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.