Ақтөбеде әріптесін өлтірген шекарашыға үкім шықты

Заставада әріптесін атып тастаған шекарашыға үкім шықты.

Ақтөбеде әріптесін өлтірген шекарашыға үкім шықты
istockphoto.com
Автор
Админ
98

Қайғылы жағдай 2023 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбе облысында орналасқан, ҚР ҰҚК қарасты «Қиялы» шекара заставасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бастапқыда әскери қызметкер Байбақтинге «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Кейін «Аффект жағдайында адам өлтіру» бабына ауыстырылды.

Куәгерлер қаза тапқан адамның Байбақтинге үнемі қысым жасағанын растады. Сот-психологиялық және психиатриялық сараптамасы қылмыс жасаған сәтте Байбақтиннің аффект жағдайында болғанын көрсетті.

«Жәбірленушінің тарапынан жасалған аморальды және заңға қайшы әрекеттерінен болған ұзақ уақыттық күйзеліс, қатты эмоционалдық шайқалу кезінде орын алған өлім», - деп хабарлады сот.

Байбақтин кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Моральдық өтемақы төлейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары