354
13 адам қаза тапқан «хостел ісі» сотқа жолданды
Былтыр 30 қарашада Almaty Hostel-де өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді.
Іс Алматының Әуезов аудандық сотына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осындай ақпарат сот кабинетінде пайда болды. Бірақ іс материалдары жабық.
Бірақ порталда жарияланған деректерге сүйенсек, екі адам айыпталып отыр.
Бірі – хостел иесі, екіншісі – өрт дабылы жүйесін орнатқан фирма басшысы.