Әскердегі әлімжеттік: Қорғаныс министрі шенеуніктерге сөгіс жариялады

Руслан Жақсылықовтың генелардар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып, қызметінен босатқане видеосы тарады.

Әскердегі әлімжеттік: Қорғаныс министрі шенеуніктерге сөгіс жариялады
коллаж: Тurkystan.kz
332

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке құраммен жұмыс кезінде қателіктер жіберген генералдар мен әскери шенеуніктерге сөгіс жариялады, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ беттерінде Руслан Жақсылықовтың генелардар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып, қызметінен босатқане видеосы тарады.

«Біз Беларуське айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек», – деп ескертті қорғаныс министрі.

Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың лауазымын атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты. Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.

«Кешіріңіздер, бірақ мен сіздердің тарапыңыздан бақылаудың жоқтығын айтып, үнемі нұсқап отыруым керек пе», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары