«22-жеңіс»: Боксшы Әли Ахмедов франциялық қарсыласынан басым түсті

Жекпе-жек 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

«22-жеңіс»: Боксшы Әли Ахмедов франциялық қарсыласынан басым түсті
Sports.kz
444

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Ирландияда өткізген жекпе-жегінде француз Пьер Юбер Дибомбені жеңді.

Жекпе-жек 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісі.

Айта кетейік, бұл – отандасымыздың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген.

Серіктес жаңалықтары