730
Түркістан облысындағы түрмеде тұтқындар бүлік шығарды
Жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген
Түркістан облысындағы түрмеде сотталғандар бүлік шығарды, деп хабарлады Түркістан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Мәлімет бойынша, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты наразылық білдірген. 20 қыркүйек күні кешке жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген.
Ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алды.
Нәтижесінде "мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, сол сияқты топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану немесе өзіне қасақана зиян келтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды.