217
Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 15 млн теңге жымқырған
Ол өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатына қол салған.
«2021-2023 жылдары өз еңбекақысына қосылатын коэффициентті қолдан көтеріп, өзінің есепшотына 15 млн теңгеден астам қаражат аударып алған», - деп хабарлады сот.
Күдікті кінәсін мойындап, шығынды толықтай өтеген.
Сот үкімімен ол шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде тауарлық-материалдық құндылықтарға ие қызмет атқару құқығынан 10 жылға айырылды. Енді пробациялық бақылауда болады.