«Беті қарайған»: Ақтау қаласында MMA файтерінің денесі қоқыстан табылды

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Беті қарайған»: Ақтау қаласында MMA файтерінің денесі қоқыстан табылды
lada.kz
851

Ақтауда аралас жекпе-жек спортшының мәйіті қоқыстан табылды, деп хабаралады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

20 қыркүйек күні Ақтауда 3-шағын ауданда файтер Вусал Жафаровтың мәйіті қоқыс контейнерінен табылды. Оның денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – деді полиция департаменті.

Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, Вусал Жафаровты ұрып-соғып, ер адамның денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Серіктес жаңалықтары